<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><key>G</key>
<author>Сергей Минеев</author>
<lyrics>[V1]
.Em            G
 Жұлдыздар түнереді,
.  Am             B7  Em
 Астан-кестен боп көк аспан.
.Em              G
 Күшті әлінен айырылып,
.    Am          B7       Em
 Тағына Оның бас иер жан адасқан.
.     G       C     G
 Ол келеді жарқырап Күндей,
.      Am/B7     Em
 Нұрландырып айналаны!
.           C             G        Am
 //  Біреуге гүл тәжін сыйлап, марапат қылар,
.     Em       B7      Em
 Ал біреуден теріс айналады...!  //

[V2]
.Em                 B7    Em
 Көз жасы көл боп жылайды сонда,
.    G         C       G
 Өткенін еске алып ойланады.
.         C             G         Am
 //  Неліктен, Тәңір, маған Сен қаталсың,
.     Em          B7      Em
 Неліктен теріс менен айналасың?  //

[V3]
 Тәңір былай дер: -Есіңе түсірші
 Саған қанша қағып ем есікті...
 Білсең, сен сонда теріс бет бұрдың,
 Көңілімді қайтарғаннан не шықты?..

[V4]
 Қашан қақтың дерсің-ау, Сен бәлкім,
 Тәңірім, естімей мен қалдым ба?
 Айтшы, шынымен де мұқтаж кезіңде,
 Қолымды созбай, тым суық болдым ба?

[V5]
 Жетім бала боп жолықтым Саған,
 Жаным күйзеліп, тілім нан сұрағам.
 Бірақ та мән бермей қойдың, мен сонда,
 Тырналып жарам, қансырадым.

[V6]
 Сүртіп жасымды, қол созған жандарға,
 Құн жетпейтін сыйлық тартамын.
 Сенім артқан қайрымды адамдардың
 Күнәларын мойныма артамын.

[V7]
 Кіреді олар Құдай үйіне,
 Жұмақтың нақ төріне жиналар.
 Ал өзгелер күнәларын мәңгілік өтеп,
 Өшпес тозақ отында қиналар.

[V8]
 Күллі жұлдыз түнереді,
 Астан-кестең боп көк аспан.
 Күшті әлінен айырылып,
 Тағына Оның бас иер жан адасқан.

[V9]
 Ол келеді жарқырап Күндей,
 Нұрландырып айналаны.
 Біреуге гүл тәжін сыйлап, марапат қылар,
 Ал біреуден теріс айналады.</lyrics>
<title>Жұлдыздар түнереді</title>
</song>